2023 жылдың 3 қарашасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Железин 1 ЖББОМ 9-11 сынып оқушылары аудандық ауруханаға барды. Экскурсия барысында оқушыларға медицина қызметкерінің мамандығы туралы егжей-тегжейлі айтып, заманауи аппараттармен таныстырды, арнайы кабинеттердің жұмысы туралы хабардар етті.