2023 жылғы 7 қарашада Железин №1 ЖББОМ оқушылары Павлодар облысы ТЖ Департаменті ұйымдастырған Қауіпсіздік сабақтарына қатысты. Балалар келесі тақырыптар бойынша дәрістер тыңдады: «Мұздатылған су қоймасы қауіпсіз емес», «Абайла көктайғақ» және «Террористік акт туралы жалған хабарлама».