Құрметті ата-аналар! Егер сіздің балаңыз мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бармаса, онда сіз үшін арнайы «Балауса» шағын орталығында ата-аналарға (заңды өкілдерге), мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған консультациялық пункт ашылды. Кеңес беру пунктінде сіз балаларыңызды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша біздің мамандардан (тәрбиешілер, педагог-психолог, логопед, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы) кеңес ала аласыз. Консультациялық пункт мамандарына консультацияға 8(777)9333266 осы телефоны бойынша жазылуға болады. Барлық кеңестер тегін беріледі!