Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз. ң маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

2023 жылдың 21 желтоқсаннында 5-8 сыныптарда «Буллинг табын доппингі ретінде» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының  мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді  жағдайлардың алдын алу,

Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Сынып сағаты барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп,ойғашақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.