2024 жылғы 7 ақпанда 9-11 сынып оқушылары Железин ауданы полиция бастығының орынбасары майор А. С. Қасқарбаевпен және полиция сержанты В. В. Скляровпен кездесті.
Кездесу барысында оқушыларға ҚР ІІМ Академиясына түсу, құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің артықшылықтары, полиция қызметкерлері үшін әлеуметтік жеңілдіктер туралы ақпарат түсіндірілді.