Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз. ң маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

 

Негізгі мақсаты:

1. Оқушылардың білім алуына қолдау көрсету және психологиялық көмек жасау, қоршаған ортамен және өзімен қатынасты орнату.

2. Әкімшілік, педагогтық ұйымжәне ата-аналарға әлеуметтік жағдайды дамытуға,  тұлғаралық қатынаста жағымды жағдай орнатуға жұмыс жасау.

3. Оқушыларды қоршаған ортаға бейімдеу, психологиялық денсаулықтарын нығайтып, сақтау.

Негізгі міндеттер:

1. Педагогикалық ұжымға, жанұяда және мектепте гармониялық әлеуметтік-психологиялық климатты орнатуға көмек көрсету.

2. Оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және интеллектуалды дамуына көмек көрсету.

Психологиялық қызметтің  бағыттары:

1. Диагностикалық жұмыс;

2. Дамыту және түзету жұмыстары;

3. Ақпараттық жұмыс;

4. Кеңес беру;

5. Алдын алу шаралары;

1-11 сыныптары арасында сараптамалық -зерттеу  жұмысы жүргізіледі. Тіркеуде тұрған девианттық жүріс-тұрысы бар оқушылармен тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау. Оқуда және дамуда қиындығы  бар оқушылармен психологтың кәсіби мүмкіндігі бойынша психологиялық көмек көрсету. Ата-аналар жиналысында психолог, мұғалімнің  ата-аналардың ұсынған тақырыбы бойынша кеңес  беруі. Жүргізілген сараптамалық – зерттеу жұмыс нәтижелерін мұғалімдер жиналысында хабарлау.

Тәрбиелеу және психологиялық даму сараптама жағдайлары бойынша ата-аналарға кеңес беру. Оқушылардың психологиялық дамуы, оқуы, қарым-қатынасы бойынша мұғалімдерге  кеңес беру. Мұғалімдерге және ата-аналарға оқушылардың  сараптама нәтижелері бойынша жеке кеңес беру. Сынып жетекшілерімен оқушылардың психологиялық-педагогикалық жағдайаттары бойынша әңгімелесу. Ата-аналары, сыныптастары және құрбылары арасында қарым-қатынас жасай білу бойынша оқушыларға кеңес беру.  Тіркеуде тұрған балалармен әңгімелесу. Кәсіби таңдау бойынша оқушыларға кеңес беру. Бейімделу кезінде туындайтын қиындықтары туралы ата-аналарға және мұғалімдерге кеңес беру. Оқушыларды ҰБТ, ОССБ-ға психо-физиологиялық дайындау. Қорқыныш және сенімсіздік бойынша оқушылармен алдын алу жұмысы жүргізіледі. Ересек жаста өз – өзіне қол жұмсау әрекетін болдырмау , тіркеуде тұрған оқушыларымен кеңес жүргізу .