Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз. ң маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

2023 жылғы 15 желтоқсанда Железин № 1 ЖББОМ  «Қазақстанның Тәуелсіздік күні: бәсекеге қабілеттілік және тұрақтылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік жолындағы ата-бабамыздың батырлығының мысалдарында оқушылар тарихи сәттерге қысқаша талдау жасай отырып, тақырыпты ашты. «Тәуелсіздік Жүректе» деректі фильмін көргеннен кейін оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздіктің 32 жылындағы жетістіктері, саяси және экономикалық құрылыстың негізгі кезеңдері, сыртқы саясаттың дамуы, халықтық дәстүрлер мен тарих туралы пікір алмасты.