Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз. ң маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында, 2023 жылғы 24 қазанда 1 ЖББОМ оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымдарының қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Железин ауданы әкімінің орынбасары Р. Х. Усина қатысты.

Мектеп басшысы Е. А. Бегус құттықтау сөз сөйледі.
Елена Алексеевна оқушыларға өз елінің патриоты және мектептің мақтанышы болуын тіледі.
Құттықтаулардан кейін 1 және 5 сынып оқушыларына «Жас Ұлан» және «Жас қыран»ұйымы мүшелерінің басты атрибуты — галстуктар байланды.

Балаларды балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына қосылуымен құттықтаймыз және Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға тілектеспіз.